Дәурен Ысқақов: Үзілісте бапкер қысылтаяңнан шыға алатынымызды ұқтырды

Дәурен Ысқақов: Үзілісте бапкер қысылтаяңнан шыға алатынымызды ұқтырды

Екінші лига аясында «Ақтөбеге» барған «Астана», 2:0 есебімен жеңіліп жатса да бір ұпай еншілеп кетті.Еліміздің батысындағы ойын туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі «Астана» қорғаушысы Дәурен Ысқақовпен сұхбаттасты.

-  Бірінші таймда ойын түсініксіз болып кетті, кетпе-кет екі гол жіберіп алдық. «Ақтөбе» ойыншылары тым ерте прессинг жасап отырды, сондықтан да қолайлы сәттерді көп туындата алмадық. Екінші бөлімде алаң орталығын біз иемдендік, осы арқылы қарсыластар қақпасын қыспаққа ала бастадық.

Екінші тайм басында жылдам гол соға алған соң сенімдірек қимылдай бастадық.

— Команда екінші таймда ойынды басқа арнаға бұра алды. Үзілісте бапкерлер не деді?

— Бапкер бізге қателерімізді көрсетті, жарамсыз пастарды кеміту жайлы кеңестерін берді. Бастысы, оның сөздерінен осындай қиын жағдайды да оңалта алатынымызды ұқтық.

— Ақтөбедегі тең ойын екі ұпай жоғалту ма, әлде бір ұпай еншілеу ме?

— Біз әрбір матчқа жеңіс үшін шығамыз. Бірақ бұл ойында 2:0-мен жеңіліп жатыр едік, осыны ескерсек, біз бұл ойында ұтқызбадық деп айтуға болады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или