«Ертіс» демалыстан кейін жаттығу кірісті
Бес күндік демалыстан кейін павлодарлық «Ертіс» Орталық стадионда қайта жиналып, жаттығуын бастады.
Дайындық жұмыстарына Ұлттық құрамаға шақырту алған Давид Лория мен Аслан Дарабаев, сонымен қатар Екінші Лиганың кезекті ойынында сырт алаңда жастар командасында өнер көрсеткен Мирас Тулиев, Артем Попов, Арман Смаилов пен Серікбол Қапанов қатысқан жоқ.
Ертең Вячеслав Грозныйдың шәкірттері Премьер-Лиганың 30-туры аясында «Астанаға» қарсы өтетін кездесуге дайындалуды қолға алады.
Еске салайық, «Астана» - «Ертіс» арасындағы матч 15-қазан күні өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или