Твумаси Гана құрамасы сапындағы алғашқы кездесуін өткізді
Елордалық «Астана» клубының шабуылшысы Патрик Твумаси Гана ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы ойынын өткізді.
«Астана» клубының шабуылшысы Патрик Твумаси өзінің соңғы уақытта көрсеткен ойынының арқасында Гана құрамасына шақырту алған болатын.
«Қара жұлдыздар» Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Уганда құрамасына қарсы ойнады.
Аталмыш кездесуде Твумаси екінші таймда алаңға шықты. Ал ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или