Владислав Саенко: Бүкіл команда жақсы нәтиже алуды қалады
Екінші Лига аясындағы «Ақтөбе» - «Астана» матчында елордалық ұжымның қақпашысы Владислав Саенко қарсыласпен соқтығысып кеткеннен миы шайқалып, ауыстырылды. Астаналықтардың баспасөз қызметі жас қақпашының жағдайын білу үшін оған жолығып, ойын туралы пікірін сұрады.
— Қазір барлығы жақсы, өзімді жақсы сезінемін.
—Команда ұтылып жатып, ойынды өзгерте алды. Оған не себеп болды деп ойлайсың?
— Бүкіл команда болып жақсы нәтиже көрсетуді қаладық. Осының арқасында жігер танытып, тең нәтижеге қол жеткіздік деп ойлаймын.
— Соңғы ойындарда негізгі құрам үшін Данил Подымскиймен бәсекеде жеңіп шығып едің. Мұндай жауапкершіліккетолықтай дайынсың ба?
— Бапкерлер штабының сенім артқанына көп алғыс. Мен әлі де өз ойынымды жақсартуға, тынымсыз еңбектенуге тиіспін.