Александр Бородюк: Шабуылға көп көңіл бөлеміз

Александр Бородюк: Шабуылға көп көңіл бөлеміз

Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Армения құрамасымен болатын матч жайлы ойымен бөлісті.

- Бірнеше ойыншының алаңға шыға алмайтыны белгілі. Бұл тығырықтан қалай шықпақсыз?

- Расымен де құрамамыздың көшбасшы ойыншыларының бірнешеуі ертеңгі ойында көмектесе алмайды. Алайда ертең алаңға шығатын ойыншылар аянып қалмайды.

- Румынияға гол соққан Бауыржан Тұрысбекті ертеңгі ойында бірінші минуттан алаңда көре аламыз ба?

- Күні бұрын тон пішпей-ақ қояын. Ойынға дайындығы жақсы ойыншылардың барлығы да өз мүмкіндігін алады.

- Ертеңгі кездесу іріктеудегі соңғы ойын. Біздің құрамадан шабуылдаушы ойын көре аламыз ба?

- Біз шабуылда ширақ қимылдауға бар күшімізді салатынымыз сөссіз. Алайда кез келген ойын тактикасы кездесу барысында өзгеріске ұшырайтынын ұмытпағанымыз жөн. Жеке шеберлік те көп мәселені шешеді. Біздің құрама көп мүмкіндікке ие бола тұра гол салуға келгенде сараңдық танытады. Сондықтан әлі де атқарар жұмыс қыруар. Өз алаңымызда ойнаған соң, шабуылға көп иек артатынымыз сөссіз.

- Армения құрамасының Польшамен ойынын қарадыңыз ба?

- Мен бұған дейін де айтып жүрмін. Біздің топта осал команда жоқ. Армения құрамасының барлық ойынын жіті қадағалап дұрыс қортынды шығарамыз деп ойлаймын.

- Ертеңгі ойында қай қақпашыға сенім артатыныңызды шешіп қойған боларсыз?

- Ия.

- Астанадағы жасанды төсеніш командамызға қол бола ма?

- Екі команда да бірдей жағдайда. Астанада керемет газон бар. Сондықтан жасанды төсеніш шешуші фактор болады деп ойламаймын. Біздің ойыншыларымыз өз күшіне сенімді. Жанкүйерлерді қуантуға дайын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или