Босния және Герцеговина – Бельгия кездесуінде жеті гол соғылды
Әлем чемпионатына іріктеу аясындағы Босния және Герцеговина мен Бельгия кездесуінде жеті гол соғылды. Әлем чемпионатына күні бұрын жолдама алып қойған Бельгия құрамасы сырт алаңда Босния және Герцеговина құрамасын жеңді. Кездесудегі есеп 3:4.
Босния және Герцеговина – Бельгия – 3:4 (2:1)
Голдар: Медуньянин 30, Вишча 39, Думич 82 — Менье 4, Батшуайи 59, Вертонген 68, Феррейра 84
Босния және Герцеговина : Бегович, Шуньич, Думич, Колашинац, Враньеш, Лулич, Бешич (Яяло 62), Медуньянин (Ибишевич 75), Дульевич, Вишча (Хайрович 71), Джеко.
Бельгия: Куртуа, Менье, Алдервейрелд, Вермален, Вертонген, Де Брюйне, Феллаини (Дендонкер 29), Азар, Феррейра (Шадли 86), Мертенс (Тилеманс 46), Батшуайи.
Ескерту алғандар: Бешич 16, Феррейра 21, Вермален 54, Дульевич 89, Батшуайи 90+2.