ҚФФ қазақша жазуға ұяла ма, еріне ме?
ҚФФ-ның баспасөз қызметі қалың ұйқыда. Футбол федерациясының басты бетінде қазақша жаңалықтар мүлдем жоқ. "ҚАЗ" деген тетігін он рет басып пернетақтаның "enter"-ін тоздырсаң да орыс тіліндегі сұқбаттарға ұрынасың.

Футболдан әлем чемпионатына іріктеу аясында Арменияға қарсы матч Астанада өтетіні белгілі. Әлбетте, футбол сүйер қауым, соның ішінде қазақ тілді аудитория ақпаратқа зәру екені белгілі.
Футбол федерациясының баспасөз қызметі неліктен сонша баяу жұмыс істейтіні белгісіз.
Ал әзірше қазақша сайттан орысша сұқбаттар оқи тұрайық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или