Шаңғымен трамплиннен секіру жарысының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Алматы мен Риддер спортшылары шаңғымен трамплиннен секіру жарысының жеңімпаздары болды.
Алматыда «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенінде бүгін шаңғымен тұғырдан секіруден ҚР жастар чемпионаты басталған болатын.
Жоғары нәтижеге қол жеткізгендер Алматы қаласының спортшылары Данил Васильевпен, Илья Кратов және Вероника Шишкина. Ол екі мүмкіндігінде де бірінші орынға ие болып, Алина Тухтаева - 107,0 (К-60)-103,0 (К-95), Софья Рустамова - 101,0 (К-60), Валентина Сдержикова - 165,5 (К-95) сынды қарсыластарын жеңсе, Данил Васильев бір алтын және бір күміс жүлде иеленді.
Илья Кратов барлық спортшылардан биікке секіріп (96 және 105 метр) алтынды қанжығасына байлады. Екі трамплиннен де қола медальды Илья Мизерных ұтып алды – 225,2 (К-60) және 193,0 (К-90).
Ильшат Кадыров 2004-ші жылғылардың арасында – 229,2 нәтижесімен күміс жүлдеге ие болса, үлкендер арасында орындар келесідей болды:
1-ші орын: Сергей Ткачук (Риддер) – 242,5
2-ші орын: Роман Ногин (Риддер) – 159,0
3-ші орын: Никита Девяткин (СШИОСД) – 140,0
«Менің бұл спортпен айналысып жүргеніме 3,5 жыл болды. Сергей Анатольевич Озерных бапкерім көп нәрсені үйретті. Осы чемпионатта жеңіске жеткеніме ризамын. Алдағы уақытта халықаралық турнирлерге қатысып, Олимпиаданы жеңіп алсам деймін», - деді Данил.
«Ал, менің осы спортпен айналысып жүргеніме екі жыл болды. Бүгінгі жарыс қиын болды, бірақ жеңгеніме қуаныштымын», - деді чемпионат жеңімпазы Вероника Шишкина.
«Мен бұл жарысқа күн сайын дайындалдым. Енді алда көптеген халықаралық жарыстар күтіп түр, жақсы нәтижеге қол жеткізгім келеді», - деді Вероника.
Жарыстың жалғасы ертең өтеді. Содан кейін, осы спорт түрінен қазан айының 12-і мен 15-і аралығында ерсектер арасында Қазақстан біріншілігі басталады.