Юпп Хайнкес «Баварияның» бас бапкері атанды

Юпп Хайнкес «Баварияның» бас бапкері атанды

Юпп Хайнкес мюнхэндік «Баварияның» бас бапкері атанды. Бұл туралы Qsport.kz порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

72 жастағы неміс маманы клубпен 2018 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарт жасапты. Хайнкес қызметіне 9 қазан күні кіріседі.

Айта кетейік, «Бавария» Германия Бундеслигасының жеті турынан кейін 14 ұпаймен екінші орында келеді. 28 қыркүйек күні «Бавария» Карло Анчелоттиді Чемпиондар лигасында ПСЖ (0:3) командасымен өткен ойыннан кейін жұмыстан босатқан еді.

Анчелотти «Баварияны 2016 жылдан бері жаттықтырға болатын. Италиялық бапкердің бастамасмен клуб Германия біріншілі және Германия Суперкубогын жеңіп алған болатын.

Ал Хайнкес «Баварияны» 1987 жылдан 1991-ге дейін, 2009 жылы, 2011-ден 2013-ке дейін басқарды. Ол 2012/2013 маусымында чемпионатты, Германия кубогын және Чемпиондар лигасын жеңгеннен кейін қызметінен кеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или