Қазақстан жастар құрамасы Болгариямен ұпай бөлісті

Қазақстан жастар құрамасы Болгариямен ұпай бөлісті

Қазақстан жастар құрамасы 2019-жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында кезекті ойынын өткізіп, тең түсті.

Бұл жолы жастарымыз сырт алаңда Болгария жастар құрамасымен кездескен еді. Кездесу 2-2 есебімен аяқталды.

Ойында алдымен алаң қожайындары гол соқты. Қанжығасы майланған софиялық ЦСКА ойыншысы Кирил Десподов болатын. Араға он бір минут салып Дидар Жалмұхан есепті теңестіре алды. Тең есеппен қос команда үзіліске аттанды.

Үзілістен соң алаң иелері Станислав Йорданов соққан голдың арқасында есепте тағы да алға шықты. Ойын аяқталуға бес минут қалғанда  Өміртаев есепті 2-2 жеткізді.

Кездесу соңында белгілі болғандай Өміртаев соққан гол қос құрамаға бір-бірден ұпай алып келді.

Бұл болгариялық жастардың іріктеудегі еншілеген алғашқы ұпайы. Ал Қазақстан жастар құрамасының қоржынында төрт ойыннан соң бес ұпай бар.

Болгария U-21 — Қазақстан U-21 2:2 (1:1)

Голдар: Десподов 9 (1:0), Жалмұхан 20 (1:1), Йорданов 51 (2:1), Өміртаев 86 (2:2)

Ескерту алғандар: Петков 29, Лясков 36, Христов 52 — Федин 36, Қалмұратов 50

Алаңнан қуылды: Лясков 84

Болгария U-21: Крастев, Петков (Крастев 46), Лясков, Карабелев, Георгиев, Димитров (Йорданов 46), Десподов, Велков, Христов, Ивайлов, Костадинов

Қазақстан U-21: Колбунцов, Мажитов, Сламбеков (Наджарян 81), Абикен, Жалмұхан, Федин, Соколенко, Қалмұратов (Люхай 81), Перцух, Әбілғазы, Зайнутдинов (Өміртаев 63)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или