Астанада 24 сағат жүгіретін ашық чемпионат өтеді
Ертең Астанада «Self-Transcendence – өз-өзінді бағындыру деп ататалатын тәулік бойы жүгіретін ашық Қазақстан чемпионаты басталады.
Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген елордалық Astana Runners клубы мен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы ұйымдасырып отырған жарыс Орталық саябақтың шаңғы-роллерлік тас жолында өтеді.
Ашық чемпионаттың бағдарламасы:
|
Дистанция |
Старттың басталуы |
Мәреге жетуі уақыты |
Лимит |
Ең төменгі талаптар |
|
6 сағат |
Сағ 10:00 07.10.2017 |
Сағ 16:00 07.10.2017 |
- |
Марафон, 42 шақырым 195 метр |
|
100 шақырым |
Сағ 21:00 07.10.2017 |
10:00-ден кешікпеу керек 08.10.2017 |
13 сағат |
Марафон, 42 шақырым 195 метр |
|
24 сағат |
Сағ 10:00 07.10.2017 |
Сағ 10:00 08.10.2017 |
130 шақырымнан кем емес |
Марафон, 42 шақырым 195 метр |
<br />Кез келген марафоншы және жүгіруді жақсы азаматтардың барлығына қатысуына болады. Орталық саябақтың шаңғы-роллерлік тас жолының әрбір айналымы – 1 шақырым. Пункттердің барлығында ыстық тамақ, медициналық көмек, демалу орны қарастырылған.
Жарыс өтетін тас жол сертификациядан өткізілген. Ұлттық дәрежедегі төрешілер қазылық етеді. Ультрамафонға қатысушыларға барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ норматив орындағандарға спорттық атақтар беріледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, 50-ден астам адам қатысуға өтініш білдірген. Ертең чемпионат алдында сол жерде де тіркелуге мүмкіндік қарастырылған.