«Ақтөбенің» бұрынғы ойыншысы «Арараттан» кетті

«Ақтөбенің» бұрынғы ойыншысы «Арараттан» кетті

Мәскеулік «Арарат» пен шабуылшы Сергей Давыдов арадағы келісім-шартты бұзды.

32 жастағы футболшы басқа клубтан ұсыныс алып, жіберуді сұраған. «Арараттың» басшылығы Давыдовтың өтінішін жерге қалдырмай, келісім-шартты бұзды. Сергейдің қай клубқа ауысатыны белгісіз.

Айта кетейік, 2013 жылы маусымда Давыдов «Ақтөбеге» жалға берілген болатын. Сол маусымда 16 ойын өткізіп, бес гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или