Польша Арменияны тас-талқан етті

Польша Арменияны тас-талқан етті

2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Армения өз алаңында Польшаға ірі есеппен жол берді – 1:6.

Қонақтар сапында Роберт Левандовски хет-трик авторы атанды. Сондай-ақ,Камил Гросицки, Якуб Блащиковски және Рафал Вольски бір реттен гол соқты. Армения сапынан Оганес Амбарцумян  қанжығасын майлады.

Польша 22 ұпаймен Е тобында көш бастап келеді. Армения алты ұпай жинап, бесінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или