Румыния Қазақстан қақпасына үш доп соқты

Румыния Қазақстан қақпасына үш доп соқты

Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Румынияға қарсы кездесу өткізді.

Есепті алаң иелері 33 минутта ашты. Араға бес минут салып Будеску 11 метрлік айыпдобын сәтті орындап, дубль авторы атанған. Екінші таймның орта тұсында Кешеру есеп еселей түсті. Дегенмен Александр Бородюктың командасы есептегі айырманы бір допқа қысқарта алды. Ойын аяқталуға бес минут қалғанда Бауыржан Тұрысбек көзге түсті.

 Әлем біріншігіне іріктеу. Е тобы 

Румыния - Қазақстан 3:1 (2:0)

Голдар: Будеску 33', 38', Кешеру 74' - Тұрысбек 82'

Румыния: Чиприан Тэтэрушану (Қ) - Ромарио Бензар, Кристиан Ганя, Влад Кирикеш (К), Александру Кипчу, Михай Пинтилий, Флорин Андоне, Георге Грозав, Константин Будеску, Рзван Марин, Драгош Григоре. 

Қосалқы құрам: Костел Пантилимон (Қ), Флорин Ницэ (Қ) - Михай Бэласа, Овидиу Хован, Клаудиу Кешерю, Михаил Бэлуцэ, Никушор Банку, Чиприан Дяк, Джордже Цукудян, Серджу Ханка, Александру Ионицэ, Николае Станчу. 

Қазақстан: Стас Покатилов (Қ) - Гафуржан Сүйімбаев, Виктор Дмитренко, Сергей Малый, Елдос Ахметов, Абзал Бейсебеков - Исламбек Қуат (К), Асхат Тағыберген, Аслан Дарабаев - Азат Нұрғалиев, Роман Муртазаев. 

Қосалқы құрам: Давид Лория (Ө), Игорь Шацкий (Қ) - Дмитрий Мирошниченко - Мақсат Байжанов, Еркебұлан Тұңғышбаев - Бауыржан Тұрысбек, Таңат Нөсербаев, Сергей Хижниченко, Алексей Щеткин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или