Бородюк Ұлттық құраманың бұрынғы бапкері Шторкты сынады
Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк Ұлттық құрамаға не себепті жастардың шақырмағанын түсіндірді.
- Іріктеу кезеңінің аяқталуына байланысты және негізгі құрам ойыншыларының жарақат алуына байланысты жастар құрамасынан футболшыларды шақыру ойыңызда болмады ма?
- Бұл жерде бірнеше фактор рөл атқарады. Қазіргі кезде жастар құрамасы іріктеу кезеңінде жақсы көрсеткіштер көрсетіп жүр. Еліміздің бас құрамасына шақыруға тұрарлық бірнеше болашағынан үміт күттіретін ойыншылар бар. Бірақ олар өз тобында жақсы өнер көрсетіп келеді, оның үстіне Болгария құрамасын жеңсе жоғары орынға көтерілуі мүмкін.
Мысалы, Бернд Шторктың кезінде жас футболшыларды көптеп шақырды. Алайда олардың басым көпшілігі алаңға шықпай, қосалқы құрамда отыратын. Бұл дұрыс емес. Ұлттық құрама сапында шақыртсақ, алаңға шықпай қалады. Оның үстіне Болгарияға қарсы матчта жастар құрамасына көмек көрсете алмайды. Олай жасаудың қажеті жоқ. Бұл жерде «өгіз де өлмейтін, арба да сынбайтындай» етіп шешім қабылдадық, - деді Қазақстан құрамасының қазіргі бас бапкері Александр Бородюк ProSports тілшісіне берген сұхбатында.
54 жастағы неміс маманы Бернд Шторк Қазақстан Ұлттық құрамасын 2008-2010 жылдар аралығында баптаған болатын. Оның қол астында Ұлттық құрама Еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңінде қатарынан төрт матчта жеңілген.
Айта кетейік, Ұлттық құрама бүгін түнде Румыния құрамасына қарсы ойнайды. Кездесуді Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыз.