Роман Мұртазаев: Кез келген құрама жанкүйерлерін қуантқысы келеді

Роман Мұртазаев: Кез келген құрама жанкүйерлерін қуантқысы келеді

Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы Роман Мұртазаев 2018 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда өтетін Румынияға қарсы кездесу жайлы ProSports тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

- Румыния - мықты құрама. Ойыншылары деңгейі жоғары біріншіліктерде өнер көрсетеді. Бас бапкердің ауысқаны оларға қалай әсер ететінін білмеймін, алайда олар қайткенде де үш ұпайды иеленуге тырысады. Кез келген құрама өз алаңында жанкүйерлерін қуантқысы келеді. Біз олардың мықты және осал тұстарып жақсылап зерттеп, қалаған нәтижемізге қол жеткізуіміз қажет.

- Астанада өткен матчта Румыния құрамасы қандай әсер қалдырды?

- Жақсы ұжым. Шабуылшылары да, қорғаушылары да, қақпашылары да жақсы ойнайды. Кім не айтса да, мұндай командаға қарсы ойнау әрқашан қиындық тудырады.

- Негізгі құрамда шығып қалуыңыз мүмкін бе?

- Бапкер сенім артса, алаңда сол сенімді ақтайтындай өнер көрсету қажет. Ал сенім артпаса, тек дайындалу қажет.

- Жанкүйерлер Ұлттық құраманың ойынын асыға күтеді.

- Иә, жанкүйерлердің қолдауы бізге аса қажет. Әрине, қазіргі таңда Ұлттық құраманың нәтижелері жанкүйерлердің көңілінен шықпайды. Алайда уақыт өте оған да жетеміз деп ойлаймын.

Айта кетейік, «Ертіс» командасының шабуылшысы Роман Мұртазаев Қазақстан құрамасының сапында 8 ойын өткізген. Ұлттық құрама бүгін түнде Румыния құрамасына қарсы ойнайды. Кездесуді Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или