Шешуші ойындар. Болжам

Шешуші ойындар. Болжам

Клубтық матчтар үзіліс алып, құрамалардың кезегі келді. Бұл 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі шешуші сәт. Сондықтан, қай команда болса да, іріктеу шымылдығын әдемі жапқысы келеді. Болжам жасау да қиын болмақ.

 

Әлем чемпионаты-2018. Іріктеу кезеңі

Англия – Словения 06.10.2017, 00:45

Ағылшындарға бұл матчта жеңілмеу жеткілікті – сол кезде команда әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Бірақ өз алаңында англиялықтар қорғанысқа көңіл бөліп, тең жеңілмеудің амалын істейді деу қате. Англиялықтар «ең жақсы қорғаныс – шабуыл» теориясына иек артатын шығар. Алаң иелері бұл ойында қарсыласына екіден көп гол соғады деп сенемін.

Бәс: Англияның тоталы 1,5-нан көп – 1.54 коэффициент

 

Әлем чемпионаты-2018. Іріктеу кезеңі

Солтүстік Ирландия – Германия 06.10.2017, 00:45

С тобының қос көшбасшысы бүгін кездеседі. Германияның жағдайы ағылшындармен бірдей. Бүгін жеңілмесе, әлем чемпионатына өтеді. Бірақ бұл матчта да әлемнің қазіргі чемпиондары жеңілмеудің жағдайын жасай қоймас. Сондықтан, бұл ойында да қонақтар қос голдан көп соғады дегенге тоқталдым. Иә, солтүстікирландиялық осы іріктеу кезеңінде 2 гол ғана жіберген. Сегіз ойынның жетеуінде өз қақпаларын «құрғақ» сақтапты. Бірақ олардың бүгінгі қарсыластары – мүлдем, басқа деңгей. Немістер осы іріктеуде 35 (!) гол соғып үлгерді. Сондықтан, бүгін үздік қорғаныс пен үздік шабуыл кездеспек, Ал мен бәсті шабуылдайтын командаға қоймақпын.

Бәс: Германия тоталы 1,5-нан көп – 1.44 коэффициент

 

Әлем чемпионаты-2018. Іріктеу кезеңі

Боливия – Бразилия 06.10.2017, 02:00

Бразилия – әлем чемпионатында. Сондықтан, алдағы екі ойынды нәтиже үшін емес, өз жанкүйерлері үшін ойнайды. Бірақ допты ұршықша иіретін бразилиялықтарда жеңілу деген ұғым жоқ – қашан да жеңіс үшін ойнайды.

Бәс: Бразилияның жеңісі – 1.9 коэффициент

 

Экспресс:

Англия – Словения: Англияның тоталы 1,5-нан көп – 1.54 кф

Солтүстік Ирландия – Германия: Германия тоталы 1,5-нан көп – 1.44 кф

Боливия – Бразилия: Бразилияның жеңісі – 1.9 кф

Жалпы: 4.39 кф

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или