Ван Гал «Баварияға» қайта орала ма?

Ван Гал «Баварияға» қайта орала ма?

«Бавария» тізгінін ұстауы мүмкін бапкерлер қатарында жаңа есім пайда болды.

Мюнхендік клуб бас бапкер қызметіне голландиялық бапкер Луи ван Галды шақыруды көздейді.

Неміс командасы ардагер бапкерге команда тізгінін маусым соңына дейін сеніп тапсыруға дайын.

Айта кетсек, ван Гал бұған дейін де «Бавария» клубында бапкерлік қызметте болған. 2009 – 2011- жылдар аралығында голландиялық маман мюнхендік клубпен Германия біріншілігі мен Кубогында топ жарған. Сондай-ақ Чемпиондар лигасының финалына дейін жетіп миландық «Интерге» жол берген.

Естеріңізге салсақ, «Бавария» бапкері Карло Анчеллоттиді Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ПСЖ командасынан ойсырай жеңілген соң қызметінен босатқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или