«Ертіс» - «Қайрат»: Сандар сөйлейді
Павлодарлық «Ертіс» Премьер-Лиганың 29-туры аясында өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдап, 1:1 есебімен тең ойнады.

2017-жылғы чемпионат барысында өзара үшінші рет кездескен қос ұжым үшінші рет бір-бірін жеңе алмады. Осыған дейін де қарсыластардың шайқасында таразы басына теңдік орнаған (1:1, 3:3).

ҚКФЛ ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 30-қыркүйекте өткен матч барысында қонақтар допқа көбірек иелік етті. Көрсеткіш: 43% - 57%.

90-минуттық тартыс кезінде алаң иелері 14 рет соққы жасаған, оның үшеуі «Қайраттың» қақпасына дәл бағытталды. Ал, қонақтар 11 рет Лорияның қақпасына соққы жаудырды, үшеуі нысанаға дәл ұшқан.

Бұрыштама көтеруден павлодарлықтар екі есе басымдылыққа ие: 6 рет Вячеслав Грозныйдың шәкірттер допты бұрыштамадан ойынға қосса, Карлос Феррердің командасы мұндай мүмкіндікке 3 рет ие болған.

Тартыс толы болған ойында павлодарлықтар 13 рет ереже бұзып, сол үшін үш футболшысы ескерту алған. Алматылықтар 14 рет тәртіпсіздік танытып, төрт футболшысы сары қағазбен және біреуі қызыл қағазбен жазаланды.

Бұл күні сары жейделі ойыншылар үш рет офсайд сызығына түссе, көк жейделі ойыншыларда мұндай жағдай тіркелген жоқ.

Тағы бір қызығы, Карлос Феррер «Қайраттың» бас бапкері болып келген соң, алматылықтар қатарынан 10 кездесуде жеңіске жеткен. «Ертіс» Феррерді ұпайынан айырып, жеңісті сериясын тоқтатқан алғашқы команда.

Турнир кестесінде 29 матч өткізген павлодарлықтар 41 ұпаймен төртінші орында тұр. Ал, 30 ойын өткізген «Қайрат» 69 ұпаймен көш басына жайғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или