Қазақстан U-17 құрамасы түркиялық клубпен тең түсті
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) түркиялық «Медипол Башакшехир» U-17 командасымен тең тарқасты – 2:2.
Қазақстандық футболшылар 0:2 есебімен жеңіліп жатқан, алайда ойын барысында есепті теңестіре алды. 62-минутта Жавлонбек Бабаназаров гол соқса, 76-минутта Алияр Мұхамед таразы басын тең қылды – 2:2.
Айта кетейік, бұл оқу-жаттығу жиынында команда 2018 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындалып жатыр. Біздің құрама Франция, Словения және Белорусьпен бір топқа түсті.
«Медипол Башакшехир» U-17 — Қазақстан U-17 2:2 (2:0)<br /> Қазақстан U-17: Ситдиков, Нұрсейіт, Дүйсембаев, Неумывакин, Жақсылықов, Әжімов, Иманғазеев, Басманов, Меделхан, Швырёв, Шәміл.<br />Ойынға тыңнан қосылған футболшылар: Мұхамед, Бабаназаров, Джарлаев, Кляхин, Хайтмуратов, Жүсіпов, Мұхамедәли, Марасулов.