Румыния мен Армения құрамаларына қарсы ойынға шақырту алған футболшылар анықталды
Қазақстан құрамасының бас бапкері Румыния мен Армения құрамаларына қарсы келесі ойыншыларды шақырды:
Қақпашылар: Давид Лория («Ертіс»), Стас Покатилов («Қайрат»), Александр Мокин («Астана»), Игорь Шацкий («Шахтер»). Қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков (үшеуі де- «Астана»), Гафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов (екеуі де- «Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Александр Марочкин («Оқжетпес»), Виктор Дмитренко («Шахтер»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»). Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, (екеуі де - «Қайрат»), Серікжан Мұжықов, Асхат Тағыберген (екеуі де - «Астана»), Еркебұлан Тұңғышбаев, Азат Нұрғалиев (екеуі де - «Ордабасы»), Мақсат Байжанов («Қайсар»), Аслан Дарабаев («Ертіс»). Шабуылшылар: Роман Муртазаев («Астана»), Таңат Нөсербаев («Ордабасы»), Алексей Щеткин («Тобыл»), Сергей Хижниченко («Шахтер»).
Айта кетейік, Румыния мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойынды «QazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.