Пике Испания ұлттық құрамасына келіп қосылды
«Барселона» қорғаушысы Жерар Пике Испания ұлттық құрамасына қосылу үшін Мадридке ұшып келді, деп хабарлайды AS.
Футболшы Каталониядағы референдум жайлы бірдеңе деуден бас тартты.
Кеше Пике қоғамдағы қысымға байланысты Испания ұлттық құрамасынан кетуге дайын екендігін жеткізген.
Естеріңізге салсақ, жексенбі күні Каталонияда референдум болған еді. Испания билігі референдумды заңсыз деп тапқан. Бұл шешімнен кейін каталония халқы мен полиция арасында бірнеше қақтығыс орын алды.
Испания чемпионатының 12-туры аясындағы «Барселона» - «Лас-Пальмас» кездесуі жанкүйерлерсіз өтіп, каталондық клуб 3-0 есебімен жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или