«Барселона» - «Лас-Пальмас» ойыны жанкүйерлерсіз өтеді
«Барселона» басшылығы Ла Лига ұйымдастырушыларынан 7-тур аясындағы «Лас-Пальмаспен» болатын ойынды ауыстыруды өтінгеніне қарамастан матч уақытында өтеді.
Алайда ойынды жанкүйерлер тамашалай алмайды.
«Барселона» басшылығы аталмыш ойынды ауыстыруды өтінген. Бұған себеп дәл осы күні Каталония тәуелсіздігін алу үшін референдум жүргізгелі отыр. Барселона көшелерінде жергілікті тұрғындар мен полиция арасында келеңсіз жайттар орын алуда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или