Роберт Евдокимов: «Астанаға» қарсы тең ойын – жақсы нәтиже
«Тобыл» - «Астана» (1:1) арасындағы кездесу аяқталғанан кейін, қостанайлық команда бас бапкері Роберт Евдокимовтың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

- Бүгінгі «Астанаға» қарсы нәтиже, бізді қанағаттандырады. Себебі, елордалық команда чемпионаттың көшбасшысы және Еуропа Лигасында өнер көрсетіп жатыр. Бір қызығы, астаналықтар еурокубок аясында матч өткізсе, біз осы командаға жанкүйер боламыз. Команданың өз стилі қалыптасқан, доты жақсы бақылайды, шабуылдайды, прессинг жасайды. Дегенемен, біз бүгінгі кездесуде жақсы қарымта шабуылдар мен стандарттық жағдайлар туғызу арқылы, «Астанаға» қарсы жақсы ойын көрсеттік. Шындығында, елордалық команда сапында бірнеше негізгі құрам ойыншылары алаңға шыққан жоқ. Алайда, олар бүгінгі құраммен-ақ жақсы ойын көрсетті. Кездесу соңында менің командамда гол соғатын жақсы мүмкіндік болды. Сол сәтті оңтайлы пайдаланғанда, жеңіске жетуге де болар еді.

- Бүгін екі ұпай жоғалттыңыздар ма, бір ұпайға қол жеткіздіңіздер ме?

- Ол жағын айту қиын. Себебі, матч соңында Вухта гол соғатын тамаша мүмкіндік болды. Бір жағынан екі жеңілістен кейін, «Астана» сияқты командаға қарсы тең ойын, лайықты нәтиже.

- Команда бүгін екі шабуылшымен өнер көрсетті. Қазақстан Чемпиондарына қарсы кездесуде осындай тактимен ойнау қауіпті болған жоқ па?

- Щеткин негізі кішкене төмен ойнады. Бізде де команда құрамында ойыншылармен біршама мәселе болды. Сол себепті Гурманды орталық алаңға шығаруға тура келді. Тағы бір айта кетерлігі біз алғаш рет екі тіреуіш жартылай қорғаушымен ойнадық. Негізі Щеткин шабуыл шебінде ойнаса, бізге көбірек көмектесер еді. Себебі ол допты ұстай алады, қорғаушыны қапы қалдырып кете алады. Алайда, біз өзімізде бар ойыншылармен ойынды өткіздік.

- Қарсылас команда құрамын көргенде таң қалған жоқсыз ба?

- Біз «Астана» командасы бейсенбі күні ойын өткізгенін білеміз. Сол себепті негізгі құрамның бірнеше ойыншысына демалыс беретінін білдік десем болады. Және де жасанды алаңнан, табиғи шөпте ойнау өз әсерін беретінін білдік. Мүмкін, біз сондықтан жақсы нәтижеге үміттенген болрмыз. Алайда, қайталап айтамын, «Астанаға» қарсы тең ойын – жақсы нәтиже.

- Еурокубок жолдамасының таласы қызу үстінде. Команда осы ритмді көтере ала ма?

- Біз алдағы әрбір кездесуде жеңіс үшін ойнаймыз. Біз үш ойында 9 ұпай алуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі халықаралық үзіліс кезінде Алматыға барып, дайындық жұмыстарын жүргіземіз. Себебі, бұл жақта біріншіден салқын, екіншіден жасыл алаңды қалыпқа келтіру жұмыстарын жасайды.