Станимир Стоилов: Бүгінгі ойын үшін қатты алаңдадым
«Тобыл» - «Астана» (1:1) арасындағы кездесу аяқталғанан кейін, елордалық команда бас бапкері Станимир Стойловтың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:
<span>- Менің ойымша тең нәтиже ойын барысын көрсетті. Мен осы ойын үшін қатты алаңдаған болатынмын. Себебі, командада өте аз ойыншы қалды. Соңғы сәтте Мужыков жарақат алса, Твумаси суық тигізіп алды. Осылайша, команда құрамында алаңға шыға алатын 10-11 ғана ойыншы қалған болатын. Алайда, команда бейсенбі күні ойын өткізгенін ескерсек, ойыншылар бүгін өздерінің максимум деңгейлерін көрсетті. </span>
- Жарақат алған ойыншыларды ескеретін болсақ, алдағы үзіліс командаға қол бола ма?
<span>- Бірінші кезекте, ұлттық құрамаларына барытын ойыншылар жарақатсыз оралса, сол біз үшін жақсы болар еді. Патрик суық тигізіп алғанына қарамастан, Ұлттық құрамасына ұшады. Жарақатсыз оралады деп ойлаймын. Серікжан кем дегенде 10 күнге қатардан шығып қалды. Ал бүгінгі матчта Шомко тізесін жарақаттап алды. Алдағы халықаралық үзіліс кезінде Граховац пен Аничич қатарға қосылады деген </span><span>ойдамын. </span>
- Бүгін «Астана» командасынан жалға алған Жалмұқан мен Ллуллаку қостанайлық команда сапында алаңға шықты. Олар «Астана» сапына қайта оралуға лайықты ма?
<span>- Олар бүгінгі кездесуде өздерін ең жақсы жағынан көрсете білді. Біздің тағы бір ойыншымыз Щеткин де соңғы уақытта өте жақсы ойынымен көзге түсіп келеді. Менің ойымша ол «Астанаға» қайта оралып, Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алуға лайықты.</span>