Карлос Алос: Қызыл қағаз ойын тағдырын шешті

Карлос Алос: Қызыл қағаз ойын тағдырын шешті

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос павлодарлық «Ертіске» қарсы өткен матч жайлы пікірін білдірді. Бұл тартыс 1:1 есебімен аяқталған болатын.

— Барлық олқылықтарды, қазіргі қиын жағдайды, осыған дейін өткен ауыр сәттерді ескере отырып, жігіттерге еш мін жоқ дегім келеді. Оларға өте ризамын. Ойынға тоқталсам, «Ертіс» алғашқы минуттардан-ақ өте қарқынды бастап, қысым көрсетті, ал, біз салғырттық таныттық. Соңғы кездесуінде павлодарлықтардың жеңіске жеткенін және бізге оңай болмайтынын білдік. Төрелік бойынша бірдеңе деуім қиынға соғады. Біз гол салған соң екі сары қағаз алдық, не үшін екенін түсіне алмадық. Бұдан соң Елдос Ахметовтың жағдайы орын алды, осы кезде мен жақын жерде болдым, ереже бұзылған жоқ. Меніңше, қызыл қағаз ойынды толықтай өзгертіп жіберді.

Екінші таймда біз жүйені өзгертіп, қорғанысқа назар аудара бастадық, өз мүмкіндігімізді күттік. Өткір сәттер бізде де, қарсыластарда да болды. «Ертісті» лайықты тең нәтижесімен құттықтай отыра оларға сәттілік тілеймін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или