Андре Виллаш-Боаш Қытай біріншілігінің соңына дейін шеттетілді
«Шанхай СИПГ» клубының бас бапкері Андре Виллаш-Боаш Қытай біріншілігінің 26 туры аясында «Бэйцзин Гоань» (1:0) командасына қарсы өткен матчта бас төрешімен сөзге келіп қалғаны үшін 8 ойынға шеттетілді.
Португалдық маман бұған дейін де төрешімен келіспей қалғаны үшін 5 мың евро айыппұл төлеген болатын.
Сегіз ойыннан шеттетілген Виллаш-Боаш Қытай чемпионатының соңына дейін қатыса алмайды. Өйткені біріншілік төрт турдан соң аяқталады.
26 турдан кейін «Шанхай СИПГ» 54 ұпаймен жарыс кестесінде екінші орында келеді. Көш басында «Гуанчжоу Эвергранд» командасы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или