Липпи «Милан» бапкері атануы мүмкін
Қытай құрамасының бас бапкері Марчелло Липпи «Милан» командасының бапкері атануы мүмкін.
Липпи Қытай құрамасын Ресейдегі өтетін Әлем чемпионатына алып шыға алмаған болатын. Қазіргі уақытта Липпи Италияда жүр.
«Милан» клубының қазіргі бапкері Винченцо Монтелланың жұмысына клуб басшылығы мен жанкүйерлердің наразылығы өршіп тұр.
Миландық команданың тізгінін ұстауға басты үміткерлер қатарында Анчелоттимен қатар Липпидің де есімі жиі аталуда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или