Каталония бөлініп кетсе «Барселона» басқа лигада ойнауы мүмкін

Каталония бөлініп кетсе «Барселона» басқа лигада ойнауы мүмкін

Каталония тәуелсіздік мәртебесін алса, «Барселона» Англия, Франция немесе Италия чемпионаттарына қатыса алады. Бұл туралы облыстың спорт министрі Жерар Фигерас мәлім еткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

«Қазір Испания лигасына басқа елдердің клубтары қатысып жүр. Мысалы, Андорраның командалары баскетбол және футбол чемпионаттарында ойнайды. Францияда «Монако» ойнаса, Англияда Уэльс клубтары бар. Тағы бір клубтың басқа елдің лигасында ойнағанына УЕФА қарсы болады деп ойламаймын», - деді Фигерас.

6 қыркүйекте Каталония парламенті 1 қазаннан бастап автономиялық облыстың тәуелсіздік алуына дауыс беруге жол ашатын референдум өткізу туралы заң қабылдаған болатын. Испанияның солтүстік-шығысындағы облыс корольдіктен бөлінуге ниетті. 2014 жылы жергілікті парламент егемендік үшін дауыс берген еді. Депутаттардың көпшілігі бір жарым жыл ішінде бұл аймақтың тәуелсіздік алуын қамтамасыз ететін декларацияны қолдап шыққан еді.

«Барселона» - Каталония астанасының клубы. Ол 24 рет Испания чемпионы болып, 29 рет Ұлттық кубокты жеңіп алған. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасының 5 дүркін жеңімпазы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или