«Ертіс» «Қайратты» тоқтатты
Футболдан ел біріншілігінің 29-турында Павлодарда жергілікті «Ертіс» пен алматылық «Қайрат» күш сынасты.
Матчтың есебін алаң иелері ашты. 23-минутта Карлос Фансека «Ертісті» алға шығарған. Бұл есеп ұзақ сақталмады. Бес минуттан соң қонақтардың басты сұрмергені Жерар Гоу таразы басын теңестірді. Бірінші таймның аяғында «Қайраттың» қорғаушысы Елдос Ахметов алаңнан қуылып, өз командасын қиын жағдайға түсірді.
Алайда екінші таймда қос ұжым да гол соға алмады. Қорытынды есеп – 1:1. «Ертіс» «Қайраттың» жеңістер сериясына нүкте қойды.
Осылайша, «Қайрат» 69 ұпаймен көш басында қалды. Алайда алматылық клуб 66 ұпайы бар «Астанадан» төрт матчқа көп ойнады. Ал «Ертіс» 41 ұпаймен төртінші сатыда келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или