Рыпакова мен Литвин әлем чемпионатының нормативін орындады

Рыпакова мен Литвин әлем чемпионатының нормативін орындады

Ашхабадтағы Азия ойындарында 2 қазақстандық жеңіл атлет келесі жылы өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатының нормативін орындады, деп хабарлайды ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Олар - Ольга Рыпакова мен Михаил Литвин. Қос атлетіміз бұл жетістікке Ашхабадтағы Азия ойындарында қол жеткізген. Әлем чемпионаты 2018 жылы Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтеді. Осымен 17-ші рет ұйымдастырылатын дүниежүзілік жарыс 2018 жылдың 1-4 наурыз аралығында өтеді деп жоспарланған. IAAF талабы бойынша жарысқа қатысу үшін 2017 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 19 ақпаны аралығындағы турнирлерде белгінген нормативті орындауы керек. Бүгінгі таңда Ольга Рыпакова мен Михаил Литвин жолдама алып үлгерді. Үш қарғып секіруден әйелдер арасында норматив - 14,30 метр. Рыпакова бұл маусымда 14, 77 метрге дейін секірген болатын. Ал Литвин Ашхабадта 400 метрге жүгіріп, қола жүлдені жеңіп алғанда мәреге 46, 51 секундта жеткен еді. Әлем чемпионатының нормативі - 46, 70 секунд. Осылайша, екі атлет Бирмингемдегі әлем чемпионатына жолдама алып отыр. Рыпакованың бұл жарысқа қатысатыны немесе қатыспайтыны әзірге белгісіз. Айта кетейік, Бирмингемде 26 медаль жиынтығы сарапқа салынады.  

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или