Карло Анчелотти «Миланның» тізгінін қайта ұстауы мүмкін

Карло Анчелотти «Миланның» тізгінін қайта ұстауы мүмкін

Мюнхендік «Баварияның» бас бапкері Чемпиондар Лигасы аясында париждік «ПСЖ» командасынан тас-талқан болып жеңілгеннен соң қызметінен кетті.

27 қыркүйек күні неміс командасы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі аясында париждік «ПСЖ» командасына 3:0 есебімен есе жіберген болатын. Артынша бас бапкері Карло Анчелоттиді отставкаға жіберу туралы шешім қабылданды.

Сhampionat cайтының мәліметі бойынша, 58 жастағы маман 2001-2009 жылдары өзі жұмыс істеген «Милан» командасына қайта оралуы мүмкін. Сондай-ақ италиялық маманға қытайлық клубтардың бірінен ұсыныс түскен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или