«Астана» Еуропа лигасындағы алғашқы ұпайын еншіледі
Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі «Астана» мен «Славия» арасындағы кездесуде тең есеп тіркелді.
Кездесуді қонақтар өте жоғары қарқынмен бастады. Нәтижесі де көп күткізген жоқ.Ойынның он сегізінгі минутында Майкл Нгадеу-Нгаджуи «Астана» қақпасынан саңлау тапты. Қақпаларына гол жіберіп алған елордалық команда бірінші таймның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда ғана есепті теңестіре алды. Гол соққан Марин Томасов болатын.
Ал кездесудің екінші таймында екі ұжымда да бірнеше гол соғатын мүмкіндік болғанымен таблодағы есеп өзгермеді. Осылайша кездесу тең есеппен аяқталып «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ұпайына қол жеткізді.
Еуропа лигасы
Топтық кезең
«Астана» (Астана) — «Славия» (Прага) 1:1 (1:1)
Голдар: Нгадеу-Нгаджуи 18 (0:1), Томасов 42 (1:1).
Ескерту алғандар: Мұжықов 27, Жугас 32, Борил 39, Соболь 63, Постников 85.
«Астана»: Эрич, Постников, Логвиненко, Шомко, Шитов, Маевский, Томасов (Мұртазаев 82), Мұжықов (Тағыберген), Бейсебеков, Твумаси, Кабананга.
«Славия» Прага: Ковар, Дели, Жугас, Соболь, Нгадеу-Нгаджуи, Стох, Ротань, Змргаль (Громада 62), Сикора (ван Бурен 87), Борил, Нецид (Шкода 73).