Алаң иелері үш ұпай еншілейді

Алаң иелері үш ұпай еншілейді

УЕФА Чемпиондар лигасының матчтары аяқтлғанымен, жанкүйерлерді бүгін түнде әлі де қызықты кездесулер күтіп тұр. Себебі бүгін – Еуропа лигасы. Демек, бізді жақсы экспресстер күтіп тұр. Кеттік...

 

Еуропа лигасы. Топтық кезең

«Ницца» - «Витесс», 28.09.2017. 23:00

Франциялық клуб топтан бірінші орынмен шығуды мақсат ететін ұжым. Марио Балоттелли бастаған жігіттер өз алаңында Франция чемпионы «Монаконы» тас-талқан еткен болатын. СуперМарионың да ойыны жүріп тұр. Сондықтан, франциялық ұжымға бүгін қонақтар кедергі келтіре қоймас. Иә, «Ницца» үшін ішкі чемпионат сәтсіздеу басталғанымен, Еуропа лигасы күнде келе бермес мереке екені анық. Сондықтан, «Ниццаның» жеңісін ала беруге де болады.

Бәс: «Ниццаның» жеңісі – 1.48 коэффициент

 

Еуропа лигасы. Топтық кезең

«Кельн» - «Црвена Звезда», 28.09.2017. 23:00

Бүгін алып отырған экспресстегі ең қауіпті матч осы. Себебі «Кельннің» соңғы матчтарын қарар болсақ, олардың жеңісін алу қауіпті. Команда соңғы бес кездесудің төртеуінде жеңіліп қалды. Ал сербиялық ұжымның соңғы рет жеңілгеніне бір жарым ай болды. Бірақ бір нәрсені түсінейік. «Кельн» мен «Црвена Звезданың» ішкі чемпионаттағы қарсыластары жер мен көктей. «Црвена» Сербияда ұтып жүрген клубтарын «Кельн» де ұта алады. Оның үстіне, германиялық клубтар еурокубоктарда қалай ойнайтынын, оларға жанкүйерлер қандай қолдау көрсететінін өздеріңіз де білесіздер.

Бәс: «Кельннің» жеңісі – 1.79 коэффициент

 

Еуропа лигасы. Топтық кезең

«Атлетик» Бильбао - «Заря», 28.09.2017. 23:00

Испаниялық клубтар еурокубоктарда қашан да мүмкіндігінше ұзақа барады. «Атлетик» Ла Лигада 11-ші орында келе жатса да, бұл топтан шығуға қауқарлы. Оның үстіне, қартаймайтын Ариц Адурис әлі бабында. «Заряның» да жағдайы мәз емес. Украиналық клуб ішкі чемпионатта 7-сатыда (барлығы 12 команда) келеді. Соңғы бес матч бойы жеңіске жете алмай жүр. Бильбаодағы «Сан Мамес» стадионында сол сәтсіз серияға нүкте қойылады дегенге сену қиын. Алаң иелері жеңіске жетеді.

Бәс: «Атлетиктің» жеңісі – 1.27 коэффициент

 

Еуропа лигасы. Топтық кезең

«Милан» - «Риека», 29.09.2017. 01.05

Бұл матчта көп нәрсе жазудың керегі жоқ. Топтың фавориті – «Милан». Италиялық клуб өз тобындағы барлық қарсыласын жеңуге қабілетті. Оның үстіне, матч «Сан Сирода» өтсе, жеңістен басқа болжаудың да керегі жоқ.

Бәс: «Миланның» жеңісі – 1.13 коэффициент

 

Экспрес:

«Ницца» - «Витесс»: «Ниццаның» жеңісі – 1.48 коэффициент

«Кельн» - «Црвена Звезда»: «Кельннің» жеңісі – 1.79 коэффициент

«Атлетик» Бильбао - «Заря»: «Атлетиктің» жеңісі – 1.27 коэффициент

«Милан» - «Риека»: «Миланның» жеңісі – 1.13 коэффициент

Жалпы: 4.55  коэффициент

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или