«Астана» - «Славия» ойынының билеттері қанша тұрады?
Бүгін Еуропа лигасы аясында «Астана» өз алаңында «Славия» клубын қабылдайды. Аталмыш ойынның билеттері сатылымға бірнеше күн бұрын шыққан еді.
Астана уақытымен сағат 21:00 басталатын ойын билетінің құны 1000 теңге мен 5000 теңге аралығында. Студенттер мен оқушыларға 50% жеңілдік қарастырылған. Зейнеткерлерге (зейнеткер екендігін дәлелдейтін құжатын көрсеткен жағдайда) ойынға кіру тегін.
Айта кетейік, Стадион кассалары сағат 10:00 мен 20:00 аралығында жұмыс жасайды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или