Футболшыларым жауапкершілікті түсінеді - Стоилов

Футболшыларым жауапкершілікті түсінеді - Стоилов

Еуропа лигасының екінші туры аясындағы «Славияға» қарсы матч алдында «Астананың» бас бапкері Станимир Стоилов журналистерге сұқбат берген. 

- Ойын өз алаңымызда өтеді. Дегенмен оңай болмайтыны анық. Футболшыларым жауапкершілікті түсінеді. «Таразға» қарсы өткен ойыннан соң екі футболшы қатардан қалды: Граховац пен Шитовтың жарақаты бар. 
 <br />- «Легия» мен «Селтикке» қарсы ойында көп шабуылдадық, Ертең де осы мәнерде өрбиді ме матч? <br /><br />
- Ең бастысы, қорғаныста ұйымшыл боп қате жібермеу керек. Әрине, шабуылда шама келгенше қырағылық танытуға тырысамыз,  бірақ қарсыластан күшіміз артық деп айтуға болмайды.
- «Славия» ойыншылары мықты ма?
 
- «Славияда» жақсы орындаушылар көп. Команда тізімінде еуропалық деңгейдегі 25 ойыншысы бар. Бөле жаруға келмейді, олар өте ұйымшыл.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или