Алматының жаңа футбол алаңында аула командалары арасында кезекті турнир өтеді

Алматының жаңа футбол алаңында аула командалары арасында кезекті турнир өтеді

Қазанның 1-і күні, «Спорттық Алматы» жобасы аясында «Алматы Аренада» орналасқан алаңда аула командалары арасында футболдан 16-ші жарыс өтеді.

Сайысқа сегіз жастан жоғары барлық жеткіншектер қатыса алады.

Футбол ойындары «Мaxi чай» компаниясының қолдауымен Алматы қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайының артында орналасқан жаңа стадионда өтетін болады. Олимпиада жүйесіне сәйкес ұйымдастырылатын жарысқа қатысушылар екі жастық санатқа бөлінеді – кіші, «А» лигасы – 8 жастан 14 жасқа дейін және үлкен - «Б» лигасы – 15 жастан жоғары.

Регламентке сәйкес, әр команда 8 ойыншыдан құрастырылады, 6 немесе 5 (алаңға байланысты) ойыншы алаңда, қақпашымен бірге.

Жарысқа тіркелу ақысыз түрде ойын алдында басталады. 8-14 жас аралығындағы ойындар сағат 08:00-де, ал 15 жастан жоғары футболшылар арасындағы кездесулер – 13:00-де басталады.

Шағын футболдан турнирлер Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, жастармен өзге жас санатындағы қала тұрғындарын күнделікті дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға қызықтыру, жаппай спорт түрлерінің бірі футболды мегаполисте насихаттау, сондай-ақ, денсаулықты нығайту үшін қолжетімді әдісті таңдауға көмектесу мақсатында өткізіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және медальдермен мараптталады, сонымен қатар, «Мaxi чай» сусындары табысталады.

«Спорттық Алматы» жобасы мегаполистегі спорттың дамуына және белсенді тынығуға бағытталған. Жоба осы атаумен алдыңғы жылы басталып, бүгінде қала тұрғындарын түрлі спорттық шаралармен қуантып келеді.

Мекен-жайы: Футбол алаңы, Алатау ауданы, Алғабас

Уақыты:

«А» лигасы – 08:00

«Б» лигасы – 13:00

Қосымша ақпарат төмендегі нөмірлер бойынша:

8 (777) 250 63 63 - Влад Кузнецов

8 (777) 303 23 83 – Ерлан Сартаев

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или