Жанкүйерлер Твумасиді «Таразға» қарсы ойынның үздігі деп таныды

Жанкүйерлер Твумасиді «Таразға» қарсы ойынның үздігі деп таныды

«Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында «Таразға» қарсы ойынның елордалықтар сапындағы үздік футболшысын анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

Еске сала кетейік, ойын 2:0 есебімен аяқталды. Екі голда да Патрик Твумасидің қатысқанын айта кетейік. Астаналық жанкүйерлер оны бірінші орынға лайық деп шешті. Ганалық шабуылшыға 44% респондент дауыс берген.

Екінші орынға, топ жазылушыларының пікірінше, қайшы әдісімен гол соққан Евгений Постников лайықты деп тапты. «Астана» қорғаушысына респонденттердің 12,4%-ы дауыс берген.
Ал үштікті голкипер Ненад Эрич түйіндеді. Өз қақпасын «құрғақ» сақтаған «Астана» капитанына 10,2% жанкүйер дауыс берген.

ТОП-5:
1.Патрик Твумаси 44%
2.Евгений Постников 12,4%
3.Ненад Эрич 10,2%
4.Серікжан Мужиков 8,8%
5.Джуниор Кабананга 6.5%
Сауалнамаға барлығы 3 583 адам қатысты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или