Ольга Сафронова: Қазақстаннан екенімді мақтан тұтамын
Сафронова соңғы 5-6 жыл көлемінде құрлықтық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. 2014 жылы 200 метрге жүгіруден Инчхонда өткен жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.
Ал биыл Азия Гран-приінің алғашқы кезеңінде 100 метрге жүгіріп, мәреге екінші келді. Сосын жарақатына байланысты келесі кезеңдерге қатыса алмады.
Үндістандағы Азия чемпионатында 3 медальға қол жеткізді. 100 метрге жүгіруден күміс, 200 метрге жүгіруден қола, 4х100 метрлік эстафетадан алтын жүлдеге ие болды.
Ашхабадта 60 метрдің қоласын қанағат тұтты. Осылайша маусымды сәтті аяқтады деуге болады. Ольганың бұдан да жоғары нәтиже көрсетуіне жарақаты кедергі келтірді. Енді спортшы алдағы күндері жарақатын емдеп, келесі маусымға толық дайындық жүргізуді көздеп отыр.
– Қазақстаннан екенімді мақтан тұтамын. Ашхабадтағы манежде еліміздің мемлекеттік гимні шырқалып, туы көтерілгенде қатты толқыдым, – дейді Ольга Сафронова.