«ПСЖ» президенті Нассер Әл-Хелаифи уругвайлық шабуылшы Эдинсон Каваниге пенальти тебу құқығын бразилиялық Неймарға беру үшін 1 млн еуро көлемінде қосымша бонус ұсынды, деп жазды El Pais.
Ал Кавани ақша керек емес екенін және команданың штаттағы пенальтисі болуға еңбек сіңіргенін айтып, бұл ұсыныстан бас тартты.