Алексей Петрушин: «Бірінші гол ойынымызды бұзып жіберді»

Алексей Петрушин: «Бірінші гол ойынымызды бұзып жіберді»

Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Алексей Петрушин павлодарлық «Ертіске» қарсы өткен матч жайлы пікірін айтты. Бұл кездесуде оның шәкірттері 1:2 есебімен ұтылып қалды. 

— Ең әуелі жеңіліс үшін жанкүйерлерімізден кешірім сұраймын. Бүгін жеңсек, барлық сауалдарға нүкте қойып, қалған ойындарға қарамастан үшінші орынға ие болатын едік. Бұйырмады, дегенмен, өмір тоқтамайды, әлі төрт ойын бар. Ақталмаймын, себебі, команда жеңіліске ұшыраса, барлық жүк бас бапкердің мойынына артылады. 

Құрамды дәлдеп таңдай алмадық. Әрине, бірінші гол ойынымызды бұзып жіберді, себебі ол қарапайым жерден салынды. Бір қуанатыным, он футболшымен қалса да, жігіттер соңына дейін күресті, қорғаныста үлкен бос орындар болды, қарсыластарымыз бірнеше рет жазалай алатын еді. Бір голдың есесін қайтара алдық, қарсыласты қысу үшін уақыт жетпеді. Келесі кездесуде жеңіске жетіп, ұпайымызды еншілеу қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или