Стойчо Младенов: Жүз пайыздық мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық

Стойчо Младенов: Жүз пайыздық мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық

Қызылордалық «Қайсардың» бас бапкері Стойчо Младенов «Ақтөбеге» қарсы өткен матч жайлы пікірін айтты. Бұл кездесуде оның шәкірттері 1:0 есебімен жеңіске жетті. 

-Мен бүгін жеңіске жеткеніміз үшін өте қуаныштымын. Бірақ ақтық ысқырыққа шейін ойын тағдырын шеше алмағанымызға көңілім толмады. Біз екінші голды ертерек салып алатын едік, бірақ өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Курьор, Аржанов және Бойович 4-5 жүз пайыздық сәттерді құр жіберді. Сол себепті ойын соңына дейін әрі-сәрі күйде болдық. Біздің командамыз жақсы. Жігіттер жарап тұр. Біз чемпионат соңына дейін осылай ойнай беретін боламыз. Біріншілік соңында жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деген үміттемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или