«Оқжетпестің» жағдайы қиын

«Оқжетпестің» жағдайы қиын

Турнир кестесінің соңғы екі орнында тұрған клубтар 28-турда күш сынасты.

12-орында тұрған «Оқжетпес» өз алаңында 11-сатыдағы «Атырауды» қабылдаған. Ойынның есебін қонақтар ашты. 15-минутта Сикимич «мұнайшыларды» алға шығарған.

Бірінші таймның аяғында алаң иелері Фрейдгеймастың арқасында таразы басын теңестірді. Бірақ екінші таймның басында қонақтар тағы да алға шықты. 53-минутта Аблитаров қанжығасын майлады. Қорытынды есеп – 1:2, «Атырау» сырт алаңда жеңіске жетіп, көкшетаулық клубтың жағдайын қиындатып тастады.

Осы матчтан соң «Атырау» 29 ұпай жинап, 10-шы орынға көтерілді. Ал «Оқжетпес» болса, 21 ұпаймен соңғы орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или