Гоу мен Исаэль «Қайратқа» жеңіс сыйлады

Гоу мен Исаэль «Қайратқа» жеңіс сыйлады

Футболдан ел чемпионатының 28-турында «Қайрат» өз алаңында қостанайлық «Тобылды» ұтып, жеңістер сериясын жалғастырды.

Соңғы екі ойында қарсылас қақпасына бес голдан соққан алматылық клубтың жанкүйерлері өз командасынан сондай ірі жеңісті күткен болатын. Алайда Орталық стадионда 2:0 есебі тіркелді.

Ойынның 4-минутында Андрей Аршавин сол қанаттан айып алаңына еніп, Жерар Гоуға пас қалдырған. Жерар өкшесімен әдемі соққы жасап, есепті ашты.

Бірінші таймның ортасында Гоу тағы бір гол соққан, алайда төреші есептеген жоқ – офсайд.

Ал 79-минутта «Тобыл» қақпасына екінші гол кірді. Гол авторы – Исаэль.

Осылайша, 68 ұпай жинаған «Қайрат» көш басына шықты. Алайда олар «Астанадан» үш матч көп өткізді. Ал «Тобыл» болса, 39 ұпаймен төртінші сатыда келеді. Қостанайлық ұжым «Ертістен» екі ұпайға озып тұр. Бірақ павлодарлықтардың әлі екі ойыны бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или