«Ертіс» Шымкенттегі алғашқы жаттығуын жасады

«Ертіс» Шымкенттегі алғашқы жаттығуын жасады

Кеше Шымкент қаласына келіп жергілікті «Canvas» қонақ үйіне жайғасқан павлодарлық команда бүгін Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда матч алдындағы жаттығуын өткізді. 

Дене қыздырып болған соң жігіттер допқа иелік ету мен бірқатар әдіс-тәсілдерді меңгерді, сонымен қатар «квадрат» ойнады. Соңғы сағатта команда шабуылды шарықтау шегіне жеткізу бойынша жаттығып, стандартты жағдайдағы соққыларды жасады. 

Айта кетейік, бүгінгі күн райы шуақты әрі ашық болды. Оны фоторепортаждан көре аласыздар. 

Еске салайық, «Ордабасы» — «Ертіс» арасындағы тартыс 24-қыркүйек күні сағат 19:00-де болады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или