«Ордабасы» – «Ертіс»: кездесулер тарихы
Ел чемпионатының кезекті туры аясындағы «Ордабасы» – «Ертіс» ойыны алдында қос команданың өзара кездесу тарихын назарларыңызға ұсынамыз.
Шымкенттік «Ордабасы» командасы («Томирис», «Синтез» бен «Достық» командаларынан құралған) павлодарлық «Ертіс» ФК-мен 1999 жылдан бері жасыл алаңда 44 рет жолыққан. Тартысты мачтардың нәтижесінде 20 рет біздің команда жеңіске жеткен, 8 рет тең ойнаса, 16 рет шымкенттіктерге сәттілік серік болды. Айта кетейік, бұл жеңілістің біреуі - тех-никалық жеңіліс. Доп айырмасы 61 – 45, павлодарлықтардың пайдасына. Бұл ойындардағы «Ертістің» үздік сұрмергендері Г. Мальцев пен Ұ. Бақаев 4 голдан салды, М. Тілешев, Э. Рон-катто мен Р. Мұртазаев 3 реттен мергендік танытты. Шымкенттіктердің сапында А. Нұрғалиев пен А. Гейнрих үш голдан салды, 2 голдан А. Гуральский, Д. Галич, Санат Жұмаханов, Н. Маймаков, Т. Нөсербаев, Д. Пархачев, И. Перич, А. Касьянов, Э. Мвесигва, Э. Юнузович салған.