Станимир Стойлов: «Тараз» командасы сауатты қорғана білді

Станимир Стойлов: «Тараз» командасы сауатты қорғана білді

«Астана» командасы Премьер-Лига ойындары аясында өз алаңында «Тараз» командасын қабылдап, 2:0 есебімен басым түсті. Ойын соңында елордалық команда бас бапкері Станимир Стойлов кездесу туралы өз пікірімен бөлісті:

-         Менің командам бүгінгі кездесуде лайықты жеңіске жетті. Ойын барысын толықтай бақылауда ұстадық. Есепті еселейтін мүмкіндіктер болды. Алайда, оны дұрыс пайдалана алмадық.

-         «Астана» командасы 2:0-ден кейін аздап босаңсып қалғандай көрінді. Неліктен? Әлде, Еуропа Лигасы алдында күшін сақтайын деді ме?

-         Менің ойымша барлығы керісінше болды. Команда 2 гол салғаннан кейін көп қателіктер жіберді. Біз керісінше көп күш жібердік. «Тараз» өте жақсы қорғана білді. Егер жеңіл қателікке жиі бой алдыратын болсақ, шаршауымыз да көп болады.

-         Малый осы маусымда өзіне мүмкіндік ала ма?

-         Малый – өте жақсы ойыншы. Алада, қорғаныстың орталық бөлігінде Постников – Логвиненко – Аничич үштігі бар. Олар өздерін жақсы қырынан көрсетіп келеді. Егер Малый еңбектенуін әлі де жалғастыратын болса, ол өз мүмкіндігіне ие болары сөзсіз.

-         Срджан Граховац бүгін ойынға қатысатын ойыншылар тізімінде де болған жоқ. Неліктен?

-         Кеше жаттығу жұмыстарының аяғында ол аяғының ауырсынып тұрғанын айтты. Сондықтан, алаға шығаруға тәуекел етпедік. Жарақатының қаншалықты ауыр екендігін білмеймін. Екі-үш күннен кейін белгілі болады.

-         Испанияда Эрич, Қызылордада Мокин, бүгін қайтадан Эрич. Қақпашылар жұбы әр ойында осылай кезектесіп тұра ма?

-         Мен екі мықты қақпашы бар. Мен оны ылғи да қайталап келемін. Жаттығуда кім жақсы еңбектенсе, сол алаңға шығады. Команда құрамындағы екі қақпашының да деңгейі өте жоғары.

-         «Славияға» қарсы кездесу алдында қандай да бір алаңдаушылық бар ма?

-         Әрине, бар. Мені шабуыл шебі өте қатты алаңдатады. Себебі, шабуылшылар өздерінің бабын таба алар емес.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или