«Астананың» екі ойыншысы Түркияға аттанады
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ЕУРО іріктеу кезеңіне дайындық жұмыстары алдында Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Команда 23 қыркүйек күні Талғарда жиналып, жаттығу жұмыстарын жалғастыру мақсатында Түркияға аттанады. Ол жақта құрама 3-ші қазанға дейін болады.
Құраманың аға бапкері Игорь Свечников командаға «Астана» сапынан екі ойыншы – қорғаушы Әділжан Дүйсембаев пен шабуылшы Станислав Басмановты шақырды.
Айта кетейік, Әділжан осы жастағы құрама команданың капитаны міндетін атқарады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или