«Қайраттың» туы ғарышта болып қайтты
«Қайрат» ФК ғарышқа барып қайтқан алғашқы қазақстандық клуб атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.
«Осы жазда «Қайрат» футбол клубының туы экспедициялық топпен бірге Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) жіберілген болатын.
Ғаламшардың орбитасында Халық командасының туы 2017 жылыдң жазынан бері болып, осы күзде бірге Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) экипажының мүшелерімен бірге «Союз МС-0» ғарыш кемесінің капсуласынан түсті. Жерге Роскосмос ғарышкері Федор Юрчихин мен NASA астронавттары Пегги Уитсон мен Джек Фишер оралды.
Айта кетерлік жайт, қазақстандық футбол үшін клуб атрибутикасының ғаламшар орбитасына баруы тұңғыш оқиға саналады!», - деп жазылған сайтта.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или