Шөген федерациясы қайырымдылық шарасын өткізді
Қазақстан шөген федерациясы және Еркін Мейірімдік қоғамы 2017 жылдың 20 қыркүйек күні «Аутизімді жеңеміз» атты қайырымдылық шарасын өткізді, – деп хабарлайды федерациясының ресми сайты.
Іс-шара Almaty Horse & Polo Club ат спорты кешенінде өтті. Бұл жолы қонақта аутизмге шалдыққан балалар болды. Кішкентай қонақтар үшін қайырымдылық акциясы аясында кешен бойынша экскурсия ұйымдастырылып, балалар аттардың алуан түрімен таныса алды. Сонымен қатар өз қолдарымен аттарға қант беріп тамақтандыру мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ балалар шөген ойынымен танысып қана қоймай, практикалық және теориялық сабақтар алып, ат үстінде серуендеді. Ат-спорты кешенінің жанында орналасқан арнайы арқан жолы бар жолақпен балалар және ата-аналар таудың шыңына шығып, таза ауамен тыныстады. Шара аяқталысымен әдеттегідей барлық қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Қайырымдылық іс-шарасына 6 мен 17 жас аралығындағы 8 бала және олардың ата-аналары қатысты. Ата-аналардың қайырымдылық акциясы бойынша айтқан пікірлері:
— «Бүгінгі күннен өте жақсы әсер алдық. Ұйымдастырушыларға үлкен рақмет. Балалар өте көңілді. Біздің балалар үшін жаңа орын, жаңа кеңістік, жаңа әсер, әрине, бұл үлкен серпіліс. Балалардың ат үстіне қорықпай отырғаны, қорқынышын жеңуі, оларға үлкен жетістік болып есептеледі. Мұндай әсерлер мен реакцияларды тудыру үшін қауымдастықта жасанды түрде жаттығулар жасаймыз, ал бүгін барлығы табиғи, яғни табиғаттың натуралды күшімен жасалған ынталандыру болды. Арқан жолға міну, тау үстінен көрініс, таза ауа мен күннің жылы шуағы – барлығымызды да шабыттандырды», — деп атап өтті ата-аналар.
Мұндай қайырымдылық іс-шаралар Қазақстан шөген федерациясының бастамасымен тұрақты ұйымдастырылып отырады.